политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Ажырасу - кіші өлім": Күйеуінен ажырасқан Балжан Бидаш қазіргі жағдайы туралы бар шындықты айтты


27.09.2023 18:09

Әнші Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейінгі қиын кезеңді қалай өткеріп жатқанымен бөлісті.

Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

“Соңғы оқиғалардан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгерістер болып жатқанын айтқым келеді. Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл стресс, депрессияны тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жинадым”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ, ол ажырасуды кіші өлімге де теңеп, оны ешкімге тілемейтінін айтқан.

“Ендігі менің алдағы өмірімде әзірге бір ғана ой мазалайды. Және ол нәрсе мен сияқты периодта жүрген әйел қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар. Айырылысқан жандарды көбіне “әрі қарай қалай өмір сүремін, қалай күн көремін” деген ой қатты мазалайды екен. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі ғажап емес нәрсе. “Ажырасу – кіші өлім” деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. “Ары қарай қалай өмір сүресің?” деп сұрап жатқандар көп. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенемін”, – деп жазды ол.

Әнші қосымша табыс көзін іздеп жүргенін де жасырмады.

“Қазір өзіме-өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын, тек алға қарай жылжу керек. Алдында Қытайға қосымша табыс көзін іздеп, барып, қайттым. Бірақ тапқан жоқпын. Сонда да тоқтамай әрі қарай іздеп жатырмын. Мен қазір бір ғана мақсат тұр. Ол жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін, өз өмірімді жасау үшін жаңа істерді жасап көруге, ізденуге де дайынмын. Сіздерге де осылай ойлауға кеңес беремін”, – дейді әнші.


Tags

В стране

»

Угонщика машины в Караганде взяли в кольцо за считанные секунды (ВИДЕО)


»

Новый банк BNK нарушил нормативы, не проработав и месяца 


»

Стюардессу уволили из-за боязни высоты спустя 40 лет работы в авиакомпании


»

Власти отказалась повышать минимальную зарплату казахстанцев


»

Тафгай, не гони лошадей!


»

Землетрясение магнитудой 3,2 произошло в Каспийском море


»

Старение можно замедлить с помощью простой диеты


»

180-летие Абая: в Астане прошла церемония возложения цветов к памятнику поэта


»

В Жетысу построят индустриальный парк и логистический хаб с участием Китая


»

Starlink дотянет связь до школ глубинки


»

Полицейский отобрал у бабушки цветы в Алматы (ВИДЕО)


»

Проект из Астаны: как дети решают проблему водосбережения и агроэкологии


»

В Астане перекроют перекрёсток Толе би – Орынбор: движение ограничат до конца лета


»

Домбра подорожала на 5% в Казахстане


»

Условия лучше, возможностей больше



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]