политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Абай облысында Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 12 нысан бақылауға алынды


24.11.2023 09:20

Бұл туралы Семей қаласының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов айтты.

Бұған дейін Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына берген есебінде республика бойынша құрылыстың ұзақ салынатын санатына өткен 156 проблемалық әлеуметтік объект бар екенін атап өткен болатын.

"Олардың қатарына Абай облысы бойынша Семей қаласындағы "Холодный ключ" және "Ақсай" кенттерін электрмен жабдықтау, "Ғаббасов" және "Орталық" қазандықтарын реконструкциялау, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру (Арбат), Шақаман ауылындағы су құбырының құрылысы, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы, Аягөз ауданы Ай және Қопа ауылдарындағы су жинау құрылғыларының құрылысы сияқты 12 объект енген"- делінген хабарламада.

"Ғаббасов" және "Центр" қазандықтарын реконструкциялау бойынша жұмыстар барысын жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділері өз бақылауына алды.

Сондай-ақ еріктілер қазандықтарға өлшеу құралдарын орнатып, сүзгілерді ауыстыруды және кәсіпорынның негізгі құралдарына толық түгендеу жүргізуді ұсынды.

"Теплокоммунэнерго" МКК басшысы Еркен Сағындықов өз баяндамасында жоғарыда аталған қазандықтарды реконструкциялаудың соңғы кезеңі аясында қоғам белсенділері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.

"Осындай жұмыс барлық проблемалық объектілер бойынша жалғасатын болады" – деді Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов.

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі


Tags

В стране

»

Россия передала в ОЗХО данные о применении химоружия Киевом


»

Всемирный банк поддержал запуск программы экспорта в Таджикистане


»

Быть на шаг впереди: ФСБ на страже безопасности государства и общества


»

SHAMAN и Ваенга отменили концерты в Крыму, а Лепс перенес выступление в Сочи


»

Над Новгородской областью сбиты 14 беспилотников за ночь


»

Роспотребнадзор: Клещи на юге России расширят ареал из-за климата


»

ОНН и Россия готовят Глобальный цифровой форум в Москве


»

Пока бабушка с дедушкой проверяли холодильник, внучка выпала из окна


»

ЦППК бесплатно перевезла 4,1 тыс. велосипедов на ночном фестивале


»

Президент США Трамп заявил, что Турция пытается получить истребители F-35


»

Дефицит дешевой птицы вынуждает россиян платить больше за свинину


»

Т-Банк запустил онлайн-карту наличия топлива на АЗС


»

Новак: в экономике России сохраняется полный контроль


»

Пассажиры больше 30 часов ждали вылета из Казани: авиакомпании назначили штраф


»

Удар по автобусу с детьми из Белоруссии: в ООН заявили о попытке Киева втянуть Минск в войну



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]