политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Абай облысында 7 мыңнан астам жол ережесі бұзылған


28.05.2025 06:25

Жол ережесін бұзғандар қатарында көлікті мас күйінде басқарғандар, жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарғандар және бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай өткендер бар.

Абай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтеповтің мәліметінше, акция басталғалы бері жол қауіпсіздігі саласында 7608 құқықбұзушылық тіркелген.

"Құқықбұзушылықтың 21 пайызы өрескел заңбұзушылықтар. Атап айтқанда, 121 жүргізуші мас күйде ұсталып, 9 адам жалған нөмір пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 235 адам – жүргізуші куәлігінсіз, ал 44 адам жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлік басқарған. 558 азамат бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай өткен. Барлығы 285 көлік айып тұрағына қойылды", – деді Әсет Өтепов.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының айтуынша, қазіргі таңда жол қозғалысы ережелерін сақтау бағытында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Осы мақсатта өңірдегі 303 білім ордасында түсіндіру сабақтары ұйымдастырылған.

"21 мамыр күні облыс орталығында жас жол инспекторларының байқауы өтті. Аталған шараға облыс бойынша 12 команда құрамындағы 84 оқушы қатысты", – деді ол.

Ал Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Бақытбек Сыдықбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу жүйелі жұмыс пен кешенді көзқарасты талап ететінін атап өтті.

"Жол қауіпсіздігі "жүргізуші – көлік – жол – орта" тізбегінің барлық элементінің теңгерімді жұмысына байланысты. Бүгінде тек әкімшілік шаралармен шектелу жеткіліксіз. Инфрақұрылым сапасын арттырып, қозғалысты ұйымдастыру деңгейін жетілдіру маңызды", – деді.

Спикердің айтуынша, 9 мың шақырымнан астам автожол тексеріліп, жол және коммуналдық қызметтерге 990 нұсқама жолданған. 90 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Мониторинг барысында жарықтандыруы жоқ учаскелер, дұрыс қойылмаған белгілер мен жолақтар анықталған. Облыс аумағында 1500-ден астам бақылау камерасы орнатылған.

Брифинг соңында спикерлер әрбір жол қозғалысына қатысушының өз қауіпсіздігі үшін жауапты екенін еске салды.

"Автокөлік – қауіптілігі жоғары нысан. Әрбір жол-көлік оқиғасы орны толмас қайғы. Рөлге отырған әр шешім үлкен жауапкершілік. Мұны әр жүргізуші жадында ұстауы қажет", – деп түйіндеді Әсет Өтепов.


Tags

В стране

»

«На грани»: Депутат Рады сделал неожиданное заявление о свержении Зеленского


»

Путин заверил: Россия преодолеет любые испытания и вызовы


»

Психиатр заявил, что внучка убитого экс-мэра Самары может быть наркоманкой


»

Набиев рассказал о гордости водрузить флаг России на Эвересте


»

Врач ответила, какие проблемы можно заподозрить по состоянию полости рта


»

Россия снизила выпуск стали на 12,4% в апреля 2026 года


»

Ядерная триада: щит суверенитета России и Беларуси


»

Сальвадор: Основатель Barrio 18 скончался в тюрьме от болезни


»

Небензя оценил исполнение плана США по сектору Газа


»

Депутаты предлагают расширить льготы на музеи для всех студентов


»

На границе Украины и Белоруссии начали усиленные проверки


»

Спикер Заксобрания Роман Береснев: В Кировской области участники СВО смогут повторно обучаться в колледжах региона за счет бюджета


»

CNN: Иран восстанавливает вооруженные силы быстрее, чем ожидали США


»

Осужденный за диверсии гражданин РФ Балога пытался поджечь технику ПВО


»

Инженер из Китая назвал фото с автографом Путина самым важным подарком



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]