политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Жел, жауын-шашын, тұман: 12 қарашада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды


12.11.2023 17:02

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 12 қарашаға дауылды ескерту жариялады. Мамандардың болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жел тұрып, жауын-шашын, қалың тұман болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Атырау облысыныңбасым бөлігінде және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Орал қаласында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Соққан желдің екпіні: 15-20 м/с. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман болады деп күтіледі. Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні: 15-20 м/с. Қонаевта соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысыныңсолтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с. Семей қаласында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с. Ақтау қаласында соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және өңір орталығы — Петропавлда тұман түседі деп күтіледі.


Tags

В стране

»

ВС России поразили в Киеве предприятие по сборке боевых частей для дронов


»

Концерты Оксимирона* отменяют по всей Европе


»

Axios: США возобновили морскую блокаду против Ирана


»

Уникальный архив немецких фотокарточек 1930-х годов пополнил фонды Музея Победы


»

Британия признала КСИР запрещённой организацией


»

«Сами себя переиграли»: профессор-иноагент из Лондона объяснил, в какую западню загнала себя Европа


»

Три человека погибли при атаке беспилотников на Подмосковье


»

Премьер Чехии отказался советоваться с президентом по вопросам внешней политики


»

China Press: Китайцы чаще меняют электромобили из-за технологий


»

Telegram-канал Shot: Гид оставил российского альпиниста в Гималаях


»

People: В Джорджии вскрыли капсулу времени с письмом от 1976 года


»

Минтранс Дагестана восстановил движение на 17 участках после селей


»

OKKO: ФИФА отменила красную карточку Балогана на ЧМ-2026


»

Инфантино предложил увеличить число команд на ЧМ до 64


»

Памфилова предложила "Коммунистам России" устроить личную жизнь



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]