политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Ауызашар жасамаса Құдай өкпелей ме екен": Сәуле Әбілдаханқызы ауызашар жасауға заңмен тыйым салуды ұсынды


14.03.2024 18:10

Журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы мектеп оқушыларының ораза ұстап, ауызашар жасап жүргенін айтып дабыл қақты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мектеп оқушыларына мешітке баруға, ораза ұстауға, ауызашар жасауға заңмен тыйым салу керек. Олардың міндеті — сабақ оқу!!! (Туған күнін кафеде яки үйде жасауға да тыйым салу керек. Сыныбында бір торт, бес сокпен атап өтсін, достары құттықтап, ақ тілегін арнасын, пажалыста, еш қарсылық жоқ...)
Бұрынғы бұрынғы ма, қазір бұрынғыдан асып түсетін болыпты. Ораза ұстап тақуа болуды сәнге айналдырған оқушылар енді "ауызашар жасаймыз" деп 4-5 мың теңгеден жинайды екен. Ол ақшаны, әрине, ата-аналарынан сұрайды. Кейбір ата-ана үшін 4-5 мың теңге деген түк емес шығар, ал кейбір ата-ана үшін ол ақшаны табу оңай емес. Әсіресе 4-5 бала бағып отырған, күйеуі ғана жұмыс істейтін әйелдер үшін, жалғызбасты аналар үшін әр теңге санаулы...
— Олар кімге ауызашар береді? Мүмкін ақша жинап, мұқтаждарға ауызашар беретін шығар? Азық-түлік тарататын шығар? — десем, "жооқ, өздері жиналып, бір баланың үйінде дастархан жасап отырады екен. Осыларға не жоқ, бұлар ауызашар жасамаса Құдай өкпелей ме екен?!.. Күйдіреді ғой, еріккендер..." дейді...
"Ауызашарға ақша бер" деген баласына, оның "діндар" сыныптастарына күйіп отырған көпбалалы ана...
Ораза... ауызашар... ақша жинау... Оның соңы — анасының баласына сөйлеуі, баласының анасына өкпелеуі... ұрыс-керіс, өкпе-реніш... сонда ол балалардың оразасы қандай ораза, діні қандай дін? Ислам діні емес екені анық... тым болмаса, сол балаларға "ауызашарды кәмелет жасына толған адам өз маңдай терімен тапқан ақшаға жасау керек, садақа деген сондай болады, ата-анаңнан жырып алған ақшаға дастархан жасап бас қосу садақаға жатпайды, ауызашар да емес, жай ғана "бешір" деп айтатын ата-ана болмай тұр...
Сенің ұстаған оразаң, берген садақаң өзің үшін ғана... өзіңе, өзгеге зияны тисе, онда ол, керісінше, жақсы амал болып саналмайды...
Дін деген — тәрбие. Дін деген — мәдениет. Дін деген — форма (сақал, хиджап) атрибут емес, ең алдымен ішкі мән-мағына, мазмұн... Ішкі мазмұның нөл болып, сыртың "діндар" болғанынан зиян көп, пайда жоқ... Құдай ондайларды Құранда "екіжүзділер, мүнәфиқтер" дейді... олардың тозағы дінсіздің тозағынан ауыр болады...
Мектеп оқушылары осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес...", — деп жазды ол.


Tags

В стране

»

Главные достижения студентов в культурной жизни Казахстана


»

Мужчина унес смартфон девушки после свидания в отеле Астаны


»

Инвесторы из Китая планируют вложить около 2 млрд долларов в газовый проект в ВКО


»

В Синьцзяне открылся международный танцевальный фестиваль


»

Психотропные препараты из Казахстана пытались ввезти в Кыргызстан


»

Токаев отменил переезд сирот из Алматы в Конаев


»

Наводнение в столице Турции: улицы затоплены, машины плывут


»

Александр Бублик вышел в полуфинал грунтового турнира в Швейцарии


»

Allur строит ЖК для студентов и молодых специалистов в Костанае


»

Предприниматели меняли название ИП, чтобы обналичивать деньги из фонда Перизат Кайрат


»

ОМОН прервал шествие фанатов «Актобе» перед матчем с «Легией»


»

Больница выиграла суд: водоканал три года выставлял завышенные тарифы


»

На льготных проездных денег нет. Зачем их пропускать через валидатор?


»

Акимов 19 сельских округов избрали в Актюбинской области


»

Можно ли оформить кредит без согласия супруга или супруги?



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]