политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Астарлы ақиқат жабылмайды": Дина Төлепберген бағдарламаға қатысты көпшілікті толғандырған сұраққа жауап берді


19.01.2024 17:07

Журналист Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасы өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Тележүргізуші бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Халқым мені қашанда құрметтеп, сүйетінін білетін едім, бірақ мұндай ыстық ықыласпен деп ойламадым…Қаншама хаттар, жылы лебіздер, қоңыраулар, жанкүйерлер мен фанклубтардың видеолары, репосттары — менің көңілімді бір босатып тастады. Сіздерге үлкен рахмет! Бірақ мен эфирден кетсем де, сіздерден кетуге асықпаймын:) Дина зейнетке шығып жатқан жоқ!

Көп көрерменім несіне жасырайын, тіпті журналистер “Астарлы ақиқат” жабылды деп жар салуда . Олай емес! Мен тек жүргізушілікті тоқтатып жатырмын. Жүргізу — маңызды болса да, эфирдегі жұмыстың бір бөлігі ғана. Одан бөлек кадр сыртында қайнаған тіршілік. Редакция, операторлар, техникалық қызмет, пост продакшн — олардың барлығын басқару — бас продюсердің міндеті. Яғни менің!

“Астарлы ақиқаттың” айрықша ерекшелігі ол- қай кезде де кейіпкерлердің мәселесіне өте терең қарауы. Біз олардың оқиғасын баяндап қана қоймай, мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Жоғары органдарга бума-бума хат жолдадық, архивтерді ақтардық, әлеуметтік жәрдемақы алу үшін құжаттарды жинадық, тіпті психологиялық қолдау көрсеттік. Есімде, тіпті бір кейіпкердің балаларымен журналисттерім бір апта бойы сабағын, тапсырмасын орындады.

13 жылда жиналған метариалдар — талай туындыға, анализ жасауға негіз болатын дария дүние. Мен оны өзім әлі зерттеп, санап, қорытып жатырмын. Және кино, фильм, сериал режиссёрлары мен сценаристтерін байланысуға шақырамын. Кей оқиғаларды жазып жатқан өз кітабымнан да оқитын боласыз.

Сонымен, “Астарлы ақиқат” жабылмайды! Егер мені сағынсаныздар, өзімнің YouTube парақшам бар, 29 қаңтарға дейін эфир тізгінінде боламын", — деп жазды Дина Төлепберген.


Tags

В стране

»

Главные достижения студентов в культурной жизни Казахстана


»

Мужчина унес смартфон девушки после свидания в отеле Астаны


»

Инвесторы из Китая планируют вложить около 2 млрд долларов в газовый проект в ВКО


»

В Синьцзяне открылся международный танцевальный фестиваль


»

Психотропные препараты из Казахстана пытались ввезти в Кыргызстан


»

Токаев отменил переезд сирот из Алматы в Конаев


»

Наводнение в столице Турции: улицы затоплены, машины плывут


»

Александр Бублик вышел в полуфинал грунтового турнира в Швейцарии


»

Allur строит ЖК для студентов и молодых специалистов в Костанае


»

Предприниматели меняли название ИП, чтобы обналичивать деньги из фонда Перизат Кайрат


»

ОМОН прервал шествие фанатов «Актобе» перед матчем с «Легией»


»

Больница выиграла суд: водоканал три года выставлял завышенные тарифы


»

На льготных проездных денег нет. Зачем их пропускать через валидатор?


»

Акимов 19 сельских округов избрали в Актюбинской области


»

Можно ли оформить кредит без согласия супруга или супруги?



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]