политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді


06.09.2023 12:24

Олар қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді.

Қалалық соттың мәліметінше, айыпталушылар 2022 жылдың басында Алматыда болған қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді. Олардан басқа тағы 40 адамның үстінен соталды тергеу жүргізілген. Сот ісін судья Асхат Әшірбеков жүргізеді.

"Іс сотқа түсті, тіркеу сатысында тұр. Қарау күні белгіленбеді", — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

ІІМ мәліметінше, Арман Жұмагелдиев 2021 жылы желтоқсанда шетелден келіп, қаңтар оқиғалары кезінде Алматыда болған. Ол 2022 жылы бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.

Алматы мәслихатының VII шақырылымының депутаты Қайрат Құдайберген былтыр 22 сәуірде қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша ұсталып, қамауда болды. Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, өзі де қатысты деген күдікке ілінді. Соталды тергеу барысында ол Жұмагелдиевпен бірге Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинауды ұйымдастырғаны анықталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Қайрат Құдайберген адамдарды Дикий Арманға бірігіп, қолдап, бірге билікке бірыңғай талап қоюға шақырған. Сонымен қатар, адамдарды 10 адамнан топқа бөліп, белгі ретінде білектеріне ақ таңғыш байлауға нұсқау берген.

Сурет: Tengrinews.kz


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]