политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Биыл жаңа оқу жылында мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды


12.12.2024 06:47

Бұл өңірлердегі маман тапшылығын жоюға бағытталған.

Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Осылайша, өңірлердегі маман тапшылығы толығымен жойылды.

Сондай-ақ мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Себебі, соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оң динамикасы байқалады.

Мысалы, былтыр 1500 "Алтын белгі" иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.

"Жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары болып қала береді. Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірушілер саны 48 мың адамды құрады, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің гранты бойынша білім алды. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды», – деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Жалпы, 2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылданып келеді. Атап айтсақ, педагогикалық бағыттарға гранттар саны артты, осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұл ретте педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 115-ті құрады.

Сурет: ашық дереккөздерден


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]