политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Үржар ауданына алғаш рет SCAT әуе компаниясының ұшақтары қатынай бастады


02.06.2025 05:39

Әуе қатынасы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Аудан тұрғындары бұған дейін " АН-24 " ұшағымен қатынап келген болатын. Енді "Үржар-Алматы" және "Үржар-Астана" бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалатын болады. Бұл жергілікті тұрғындарға ғана емес, Алакөл мен өңірдің басқа да туристік нысандарына келетін қонақтар үшін өте қолайлы. Әуе қатынасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Сол себепті билет бағасы да қолжетімді.

Канадада шығарылған "CRJ-200" ұшағы 50 жолаушыға шақталған. Әуе кемесі жайлы әрі өңіраралық бағыттарға ыңғайлы. Биыл өңірде туристік маусымға дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Берік Уәлидің тікелей қолдауымен Алакөл жағалауын абаттандыруға 658 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Арбат жаңартылып, бояу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек жағалаудағы ескірген темір жақтаулар толық ауыстырылуда. Жағалаудағы 5 шақырымға жуық жолға асфальт төселеді, 10 модульді, 15 биодәретхана, 40-тан астам киім ауыстыратын кабиналар қойылады, қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камераларының саны артады. Жағалауды нығайту үшін пирс және қалқыма орнатылады.

Ерекше атап өтерлігі, туристер көп келетін Арбаттың жүктемесін азайту үшін жаңа қоғамдық кеңістік салынады. Мұнда 100 адамға арналған сауда-саттық орындары қарастырылады, үлкен сахна, субұрқақ салынады, тұрғындар серуендейтін арнайы алаң болады.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]