политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады


25.10.2023 18:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген.

Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз. Халқымыз тату-тәтті әрі берекелі қоғам құруға бар ерік-жігерін жұмсайды, жасампаз ісімен жаңа белестерді бағындырады.

Әрбір отандасымыз Адал азамат деген атқа лайық болып, елімізді дамытуға салмақты сөзімен, өнегелі ісімен үлес қосады. Біз бірге мақсатымызға жетеміз – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрамыз. Байрағымыз көк аспанда асқақ желбіресін! Ұлттың рухы қашанда биік болсын! Еліміз өсіп-өркендей берсін! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" — деп жазды Президент.


Tags

В стране

»

В Тюмени разгорелся скандал из-за открытия общественной бани «Банщики»


»

Иран закупил новое вооружение в период перемирия с США


»

Неонатолог Авраменко: водопроводная вода безопасна для купания младенцев


»

Известного регбийного судью нашли мертвым в запертой квартире в Москве


»

Трамп готовится к выборам: республиканцы проведут съезд в Далласе


»

В Кировской области увеличат зарплаты педагогам: как вырастут оклады


»

Пожар в заповеднике Утриш на Кубани тушат второй день


»

Мониторинг цен на топливо в Барнауле: актуальные данные на 26 августа


»

HR-эксперт сказала, почему работники все чаще соглашаются на «серую» зарплату


»

People: Кантри-певица Долли Партон умерла после борьбы с раком


»

Россиянам рассказали, какие подарки учителю будут считаться взяткой


»

Экс-министр обороны Украины признал постепенное поражение Киева


»

Советник президента сравнил потенциалы ОПК России и НАТО


»

Ксения Собчак раскрыла свой вес после похудения в Instagram


»

Соседов обвинил SHAMAN в порче хита Киркорова «Единственная моя»



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]