политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Жетісудағы балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын дәрігер жұмыс істеген


16.08.2023 08:30

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде "Параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталған.

Сонымен қатар, "Қарлығаш" лагерінде (Көксу ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

"Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған. Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары — өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген", — делінген хабарламада.

Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

"Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. "Шағала" лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ", — делінген хабарламада.

Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданады.


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]