политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Семейде 237 отбасыға пәтер кілттері табысталды


29.08.2024 09:48

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.

– Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Соңғы жылдары бұл әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі және халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам, - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Бүгін жалпы саны 237 пәтердің кілттері табысталды. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 77 пәтердің кілті табысталған болатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Қарағайлы шағын ауданның орналасуы және дамып келе жатқан инфрақұрылымы айрықша артықшылық болып табылады.

Бұрын біз саяжайда тұрдық, үйіміз тар болды, балаларды мектепке 2,5 шақырым жерге алып бару керек еді. Бұл – біздің отбасымыз үшін көптен күткен және қуанышты оқиға, - деді пәтер кілтін алушы алты баланың әкесі Дәурен.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталып, ауданның кішкентай тұрғындарына аниматорлармен көңілді би кеші ұйымдастырылды. Осы уақытта жаңа пәтер иелері қуанышпен жаңа үйлерімен танысып, әрқайсысы жаңа өмірдің бастауын атап өтті.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Tags

В стране

»

Главные достижения студентов в культурной жизни Казахстана


»

Мужчина унес смартфон девушки после свидания в отеле Астаны


»

Инвесторы из Китая планируют вложить около 2 млрд долларов в газовый проект в ВКО


»

В Синьцзяне открылся международный танцевальный фестиваль


»

Психотропные препараты из Казахстана пытались ввезти в Кыргызстан


»

Токаев отменил переезд сирот из Алматы в Конаев


»

Наводнение в столице Турции: улицы затоплены, машины плывут


»

Александр Бублик вышел в полуфинал грунтового турнира в Швейцарии


»

Allur строит ЖК для студентов и молодых специалистов в Костанае


»

Предприниматели меняли название ИП, чтобы обналичивать деньги из фонда Перизат Кайрат


»

ОМОН прервал шествие фанатов «Актобе» перед матчем с «Легией»


»

Больница выиграла суд: водоканал три года выставлял завышенные тарифы


»

На льготных проездных денег нет. Зачем их пропускать через валидатор?


»

Акимов 19 сельских округов избрали в Актюбинской области


»

Можно ли оформить кредит без согласия супруга или супруги?



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]