политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Вице-премьер шегірткелердің қаптауы туралы: Былтыр жағдай бақылаудан шығып кетті, мойындаймыз...


06.06.2024 06:48

Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.

Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.

"Динозаврлар мен мамонттармен құрдас болып табылатын шегіртке әрдайым бізбен бірге біте-қайнасып жатады. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, алда да күресетін боламыз. Кейбір елдер оны өсіріп, одан керемет дәмді ақуыз тағамдар дайындауды үйреніп алған. Бірақ бұған Қазақстанның қатысы жоқ, шын мәнінде ол халал өнім", – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Үкімет 2023 жылы шынымен де сәтсіздікке ұшырады, кейбір аймақтар аталған жәндіктердің шабуылынан қатты зардап шекті.

"Өткен жылы жағдайды жіберіп алдық, оны жасырмаймын. Шегірткелер қаптап кетті. Жалпы, ұшатын шегірткелер қауіпті емес. Негізінде, қазір Еуропада, Америкада ұшатын шегірткеге қарсы ешкім шара қабылдамайды, тек біз ғана онымен жұмыс істейміз. Өйткені ол ұшып жүріп, бар жерге өз жұмыртқаларын тастап жүре береді", – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер шегірткенің табынмен жүретін жәндік екендігін, сондықтан олар белгілі бір аумақтарда кеңінен тарап, қиындық туғызатынын айтты.

"Бұл жәндіктердің ерекшелігі осындай. Топ-тобымен жүреді. Алдымен олардың орналасқан орнын анықтау керек. Бұл — ең үлкен проблема", — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылы шегірткелер Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында көптеп тарайды деп күтілетінін айтқан болатын.

Сурет: pxhere


Tags

В стране

»

Я не согласен – глава Самрук-Қазына о критике в адрес фонда


»

Из-за ремонта дороги перекроют часть улицы братьев Жубановых


»

Не могу вернуть лекарство. Совет юриста


»

Нариман Курбанов стал трехкратным чемпионом Азии по спортивной гимнастике


»

Трое мужчин напали на полицейских в Астане


»

Маму одного из осужденных по делу Шерзата Болата увезли на скорой


»

Девушку изнасиловали в ночном заведении Алматы


»

Еще один ЖК горел в Астане


»

Новые правила предоставления госгрантов для НПО вступают в силу в Казахстане


»

Голливудский продюсер репостнул ролик ко Дню государственных символов РК


»

В Казахстане ужесточили штрафы за нарушения ПДД и ввели общественные работы


»

Сказочные герои Пушкина ожили в День защиты детей  


»

Президент РК поздравил казахстанцев с Днем защиты детей  Дополнено


»

Как летать с детьми: правила авиаперевозок в Казахстане


»

Назначен гендиректор KMG Kashagan B.V.



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]