политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Зейнетақы төлемдерін алу қолжетімдірек болмақ


16.05.2025 12:44

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер тәртібін өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл төлемдерді міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары секілді автоматты түрде төлеу тәртібін енгізуді ұсынып отыр.

"Бұл тетік енгізілсе, ЕЗЖ бойынша пайдаланылмай қалған жинақтардың алдын алуға әрі барлық зейнетақы төлемдеріне біркелкі тәртіп орнатуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті агенттікте.

Агенттіктің мәліметінше, зейнет жасына жеткен азаматтардың көпшілігінің ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақтары ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспайды. Мұндай сомалар міндетті және міндетті кәсіптік жарналар секілді біржолғы төлем ретінде беріледі.

Сонымен қатар, кейбір азаматтардың ЕЗЖ шоттарында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) арқылы аударылған, пайдаланылмаған кепілдік өтем сомаларынан құралған жинақтар бар екені белгісіз болып отыр. Агенттіктің деректеріне сәйкес, мұндай азаматтар саны 229 715 адамды құрайды. Олардың ішінде 100 теңгеге дейінгі қаражат бар шоттар – 74 919 (32,61%), 100 бен 500 теңге аралығында – 71 587 (31,16%), ал 500 бен 1 000 теңге аралығында – 35 696 (15,54%).

"ЕЗЖ шоттарында жиналған қаражат мөлшері тым аз болғандықтан, азаматтардың оны рәсімдеуге кететін уақыты мен жолға шығатын шығындары көбінесе жинақ сомасынан да артық болып жатады", – деп қосты агенттікте.

Бұған дейін, LS редакциясы зейнетақы шоттарында пайдаланылмай жатқан жинақтар туралы хабарлаған еді. Мәселен, шамамен 122,8 мың зейнеткер белгіленген кестеге сәйкес төлемдерін алмаған. Нәтижесінде олардың шоттарында 26 млрд теңгеге жуық қаражат сақталып қалған.


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]