политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Қазақстанда дербес деректерді таратқандар қатаң жазаланады


04.12.2023 10:34


Қазақстанда азаматтардың деректерін таратқаны үшін жазаны қатаңдату жоспарлануда. LS-ке Цифрлық даму министрлігінде егжей-тегжейі айтылды.

Министрліктің мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске ел азаматтарының дербес деректерінің таралуы үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Оның ішінде осы ақпаратты, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту ұсынылады.

Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды екі-үш есе ұлғайту жоспарлануда. 79-бапқа сәйкес, қазір жауапкершілік мөлшері 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін (2023 жылы 34,5 мыңнан 3,45 млн теңгеге дейін) құрайды.

Бұдан басқа, басқа біреудің ЭЦҚ-сын заңсыз пайдаланғаны, цифрлық кілтті беру қағидаларын бұзғаны және бұлтты цифрлық қолтаңбаны пайдаланғаны үшін жауаптылықты көздейтін түзетулер әзірленді.

"Қажетті талдау рәсімдері жүргізілді, олардың нәтижелерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Бұдан әрі түзетулер заңнамаға сәйкес ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта Сенаттың қарауында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға өзгерістер жобасы тұр. Олар дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау функциясын беру жөніндегі нормаларды көздейді", – деп түсіндірді министрлікте.


Tags

В стране

»

Юрий Самонкин : Геополитики холодной войны уходят, не оставив наследников


»

Токсиколог Кутушов предупредил о вреде магазинной курицы


»

ВС России поразили в Киеве предприятие по сборке боевых частей для дронов


»

Концерты Оксимирона* отменяют по всей Европе


»

Axios: США возобновили морскую блокаду против Ирана


»

Уникальный архив немецких фотокарточек 1930-х годов пополнил фонды Музея Победы


»

Британия признала КСИР запрещённой организацией


»

«Сами себя переиграли»: профессор-иноагент из Лондона объяснил, в какую западню загнала себя Европа


»

Три человека погибли при атаке беспилотников на Подмосковье


»

Премьер Чехии отказался советоваться с президентом по вопросам внешней политики


»

China Press: Китайцы чаще меняют электромобили из-за технологий


»

Telegram-канал Shot: Гид оставил российского альпиниста в Гималаях


»

People: В Джорджии вскрыли капсулу времени с письмом от 1976 года


»

Минтранс Дагестана восстановил движение на 17 участках после селей


»

OKKO: ФИФА отменила красную карточку Балогана на ЧМ-2026



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]