политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



"Жасанды нокдаун ұйымдастырылды": Өзбек жанкүйерлері Асланбек Шымбергеновтың жеңісі туралы не деп жатыр


02.10.2023 18:09

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында 71 келіге дейінгі салмақта Өзбекстандық әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасқан еді.

Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысын үшінші раундта үш рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алайда, өзбек жанкүйерлері әлеуметтік желілерде төрешілердің бұл шешімімен келіспейтіндерін жазуда.

"Әділетсіздік, екі раунд бойы қазақша ұрып-соғу болды. Жасанды нокдаун ұйымдастырылды. Екінші нокдаун жасанды, өкінішті...", "Шымбергеновке үнемі қолда көрсетеді. Бірақ, ол жақсы спортшы емес", "Мына кәрі қазақты жақын арада біреу сындырып тастайды. Қазақтар, сендер медальдық көрсеткіште нешінші орындасыңдар, соңғы орында шығарсыңдар", — деп жазды Асадхужа Муйдинхужаевтың жанкүйерлері.

Өзбекстандық жанкүйерлердің арасында Асланбектің мықтылығын мойындап жатқандар да жоқ емес.

сланбек тәжірибелі боксшы, мықтылығы көрініп тұр", "Асадхужа тәжірибелі боксшымен жақсы жекпе-жек өткізді.Осындай жекпе-жектерде тәжірибе жинақталады.Келесі жекпе-жектерге сәттілік. Қазақстандық боксшы тәжірибесі көп болғандықтан соңғы раундта жеңіске жетті.Өзбек, қазақ, қырғыз деп айтуды қойып, жақын туыс болатын кез келді. Түркілер алға! Бұл жекпе-жек финалда болуы керек еді, қытайлықтар әдейі осылай жасап жатыр, шахматшыларда да солай болды, мықтылардың бәрін ерте шығарып жатыр", — деп жазды олар.

Айта кету керек, қос спортшы да Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медальға ие болған еді. Өзбек спортшысы 67 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы болса, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.


Tags

В стране

»

Россия передала в ОЗХО данные о применении химоружия Киевом


»

Всемирный банк поддержал запуск программы экспорта в Таджикистане


»

Быть на шаг впереди: ФСБ на страже безопасности государства и общества


»

SHAMAN и Ваенга отменили концерты в Крыму, а Лепс перенес выступление в Сочи


»

Над Новгородской областью сбиты 14 беспилотников за ночь


»

Роспотребнадзор: Клещи на юге России расширят ареал из-за климата


»

ОНН и Россия готовят Глобальный цифровой форум в Москве


»

Пока бабушка с дедушкой проверяли холодильник, внучка выпала из окна


»

ЦППК бесплатно перевезла 4,1 тыс. велосипедов на ночном фестивале


»

Президент США Трамп заявил, что Турция пытается получить истребители F-35


»

Дефицит дешевой птицы вынуждает россиян платить больше за свинину


»

Т-Банк запустил онлайн-карту наличия топлива на АЗС


»

Новак: в экономике России сохраняется полный контроль


»

Пассажиры больше 30 часов ждали вылета из Казани: авиакомпании назначили штраф


»

Удар по автобусу с детьми из Белоруссии: в ООН заявили о попытке Киева втянуть Минск в войну



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]