политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Семей полигоны құрбандары жайлы фильмнің тұсауы Пусан кинофестивалінде кесіледі


07.09.2023 18:14

«Айқай» фильмі Оңтүстік Кореяда 4-13 қазан аралығында өтетін әйгілі Пусан кинофестивалінің А Window on Asian Cinema («Азия киносына ашылған терезе») бағдарламасында көрсетілетін болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Фильмнің режиссёрі – Кенжебек Шайқақов.

«Айқай» – режиссёрдің екінші толықметражды жұмысы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген алғашқы фильмі.

«Халықаралық кинофестивальдерде біздің фильмдерімізге деген сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз. Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірінде көрсетілетін «Айқай» кинокартинасы – осының дәлелі. Жалпы киноиндустрия өкілдері және біздің орталық жұмысты бір жүйеге қойып, әр фильм өз мақсатын айқындауы тиіс. Бізге нақты нәтиже керек. Бізге фильмдеріміздің сөрелерде шаң басып жатқаны емес, олардың прокатқа шығуы, фестивальдерге қатысып, жетістікке жетуі маңызды», – деді орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

«Айқай» фильмі көрерменге екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын және анасынан айырылған баланың әкесіне жанашырлығын, қамқорлық жасауға деген талпынысын баяндайды.

Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті.

Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.

Айта кетейік, Busan International Film Festival — 1996 жылдан бастап жыл сайын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі.


Tags

В стране

»

Названы главные продукты, помогающие продлить жизнь


»

Комик Сабуров пытался отмыть деньги через посредников


»

Смертью смерть поправ


»

Владимир Мазур: В 2026 году в школы Томской области по программе «Земский учитель» придут работать 23 специалиста


»

США не продлевают ДСНВ из-за планов включить в соглашение Китай


»

Под Воронежем осудили курьера, который присвоил товары на сумму 1,3 млн рублей


»

Премьер Британии может лишиться своего места из-за одного скандала


»

Путин видит хорошее будущее даже с повышением НДС


»

«Ведомости»: Минюст предлагает запретить арест имущества при малых долгах


»

Суд приговорил комика Останина к реальному сроку


»

Эксперт назвал лучший месяц для бюджетного туризма в России


»

Экс-сотрудник ЦРУ оценил шансы операции США против Кубы


»

В Мордовии произошла задержка пяти поездов из-за ДТП с грузовиком


»

Простое и вкусное печенье «Тройка»: всего 3 ингредиента и 30 минут


»

Venezolana de Televisión: Венесуэльцы требуют освободить Мадуро



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]