политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Астанада 40% оқушы орыс тілін таңдаған


18.08.2023 06:35

Белгілі педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы Астана қаласы білім басқармасының жұмысын сынады. Ол биыл 1-сыныпқа баратын оқушылардың 10 мыңнан астамы орыс тілінде білім алатынына наразылығын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сынып оқушысын қабылдады: 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде.

«Егер мемлекеттік идеология болса! Егер білім басқармасының жұмыс бағыты дұрыс болса мектеп әкімшілігінің ниеті болса! Ана 10 571 баланың кемінде жартысын қазақ сыныбына бұруға болар еді», — деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Оның айтуынша, қабылдау комиссиялары қазақ сыныбында орын жоқ екенін айтып, балалардың ата-анасын орыс сыныбына беруге үгіттейді.

«Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрнісі! Бас қалада Астанада 40% бала әлі орыс сыныбына баруы ол сұмдық! Сол балалардың 90% ы таза қазақтың баласы!» — деп жазды педагог.

Ол министрлік керісінше осындайлармен жұмыс істеудің, бағыттаудың орнына осы бағытта жұмыс істеп жүрген санаулы адамдарды жұмыстан босатуға тапсырма беретінін айтып, қынжылды.

«Енді тірліктері мынау! Әй, өзі біз ел боламыз ба? Ұлт боламыз ба? Жұтылып жоғаламыз ба? Менің ұлттық мектеп деп жүгіруім де далбаса секілдене береді жүйенің осындай шала тірліктерін көргенде», — деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астана мектептеріндегі оқушылардың жалпы саны – 255 мың.


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]