политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



“Дінге келген соң сахнаны харамға санай бастады”: Бақыт Шадаева хиджаб киген әріптестеріне қатысты пікір білдірді


14.08.2023 18:11


Белгілі әнші Бақыт Шадаева Nege.kz сайтына берген сұхбатында хиджаб киген қыздарға бірнеш рет алданып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Өнерде жүрген біраз жастардың алды дінге келген соң сахнаны харамға санай бастады. Бұған не дейсіз?” деген сауалға өнер иесі: “Су ішкен құдығыңа түкірме" деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – ол екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді”, – деп жауап берді.

Әнші хиджаб киген қыздарға сенуден қалған.

“Шынымды айтсам, өз басым хиджап киген қыздардан көңілім қалған. Адал болар деп, оранғандан талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым. Ата-бабаларымыз да намаз оқып, құлшылық етіп өтті ғой. Бірақ "жан баласына адал бол", "ешкімнің ала жібін аттама" деп, ар мен ұжданды, ел мен жерді алға қойған жоқ па? Түбі осылай кете берсек Ауғанстанның күйін кешеміз бе деп қорқамын. Одан да оқып біліп алып, өнер үйреніп, ғылым мен технологияның көзін тауып, алға жылжудың қамын ойластырайық”, – дейді Бақыт Шадаева.


Tags

В стране

»

Популярный пляж в Приморье не прошел проверку после дождей: купание запретили


»

МЧС сообщило о локализации пожара на складе в Красноярске


»

Тайфун "Саола" обрушился на Гонконг, парализовав работу города


»

Экономист Маликов объяснил, почему зумеры легко тратят деньги


»

Медведева высоко оценила выступление Гуменника на Олимпиаде 2026


»

Мурашко назвал здоровье населения общенациональным достоянием


»

Собянин: силы ПВО сбили пять летевших на Москву беспилотников


»

Медведев объявил о 3,5 млн предложений в программу «Единой России»


»

Мужчина пострадал при атаке беспилотника ВСУ на предприятие в Курской области


»

Путин одобрил выделение Белгородской области более 300 млн рублей


»

ВСУ потеряли до роты солдат в боях за населенный пункт Зеленое


»

Жителей Харьковской области расстреливали и атаковали БПЛА при попытке эвакуации


»

Финляндия заявила о о якобы нарушении границы российским Ил-20


»

Пенсионерку похитили после страшного ДТП


»

Ревва опроверг наличие недвижимости в Испании и ОАЭ



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]