политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Денесі көгеріп, миы шайқалған: Павлодарда екі жасар бала балабақшада соққыға жығылған


19.09.2023 18:16

Ата-анасының сөзінше, мекеме қызметкерлері баланы ұрып-соққан болуы мүмкін.

Павлодарда жекеменшік балабақшаға барған екі жасар баланың беті көгеріп, миы шайқалған. Ата-анасы кінәлілерді жазалауды сұрап отыр. Ал балабақша басшылығы өздерінде ешқандай кінә жоқ екенін айтқан. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Павлодар тұрғыны Аружан Қасенова бірнеше күн бұрын екі жасар қызы Севараны жекеменшік балабақшаға берген. Бірақ балабақшадан қызының беті ісіп, денесі бірнеше жерден көгеріп қайтты дейді. Онымен қоса, бүлдіршіннің аяғында да көгерген іздер болған. Тәрбиешілер баланың денесіндегі жарақаттарды ұйықтаған кезде дұрыс жатпай қалуымен түсіндірген.

"Балабақшадағы тәрбиеші телефон арқылы қызым нашар ұйықтап, жылағаннан беті қызарып кеткенін айтты. Баланы ешкім ұрмағанын және барлығы жақсы екеніне сендірді. Қызымды алып кетуге барсам, беті ісіп кеткен. Әр жерінде үлкен гематомалар болды. Бірден жедел жәрдем шақыртып, МРТ жасаттық. Дәрігерлер бас-миының шайқалуы деген диагноз қойды", – деді Аружан Қасенова.

Анасы кейін балабақша қызметкерлері қыздың құлағанын мойындап, кешірім сұрағанын айтты.

"Балабақша басшылығы бұған дейін айтқандарын толығымен жоққа шығарды. Олар қызым төсекке соғылып, құлаған дейді. Бірақ мен сенбеймін. Осыншама гематомалар қайдан болады?! Менің қызымды ұрып-соққан. Басынан бөлек, омыртқа және жамбасының жаны көгерген. Оның үстіне балабақшада бейнебақылау камералары да жұмыс істемейді екен", – деп қосты Аружан Қасенова.

Мекеме басшысы өздерінің еш жазығы жоқ екенін айтып, сұхбат беруден бас тартқан. Ал жәбірленушінің арызы бойынша қазір полиция "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғады.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 141-бабы бойынша мән-жайлар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.

Ал Білім басқармасының өкілдері бұған дейін балабақшаға қатысты бірде-бір шағым болмағанын мәлімдеді.

"Білім беру ұйымының басшысына өз міндеттерін атқармағаны үшін айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған сәйкес, департаментпен тиісінше шаралар жүргізіледі. Осы кезеңге дейін осы балабақша бойынша шағымдар түскен жоқ", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ләззат Жақиянова.

Екі жасар Севараның анасы кінәлілер тиісті жазасын алмаса, прокуратураға арыз жазуға дайын екенін жеткізді.


Tags

В стране

»

Условия лучше, возможностей больше


»

В Махамбете убирают дамбы. Временно


»

Где ждать самых сильных дождей в Казахстане


»

Можно ли ставить машину на стоянке бесплатно. Совет юриста


»

В области Жетісу пресечена незаконная деятельность полигона ТБО


»

Топ банков с самой высокой долей проблемных кредитов


»

Меры безопасности усилены на побережье Балхаша


»

В Акмолинской области бухгалтер деньги детсада тратила на косметолога


»

8,6 миллиарда тенге выплатили предприятия за нарушения охраны труда в РК


»

Отравление на празднике: гости торжества в Усть-Каменогорске оказались в больнице


»

В Казахстане изменится налог при продаже недвижимости


»

Гвардейцы проводят профилактические рейды у водоемов


»

Главные достижения студентов в культурной жизни Казахстана


»

Мужчина унес смартфон девушки после свидания в отеле Астаны


»

Инвесторы из Китая планируют вложить около 2 млрд долларов в газовый проект в ВКО



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2025

Редакция - [email protected]