политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» қоры құрылымындағы басшылардың қисапсыз сыйақылары туралы айтты


04.10.2023 18:09

Қор басшылығы ірі көлемде бонус алып отырған көрінеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров «Самұрық-Қазына» қоры құрылымындағы компаниялардың қаржылық операцияларын тексеруді сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының менеджменті халықтың емес, өздерінің әл-ауқатын арттыруға аянбай еңбек етіп жатыр. Қордың еншілес «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының басшылығы кәсіпорынның тапқан пайдасынан екі есе көп бонус алған. Кәсіпорын басшысы бір жылда 74,9 млн теңге, ал басшылығы 274 млн теңге бонус жазып алған. Кәсіпорынның таза пайдасы 38,5 млн теңге ғана. Өз кезегінде «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «ҚАЗ КЛОУД» компаниясының да басшылығының өздеріне деген «жомарттығында» шек жоқ. Компанияның таза пайдасы 61 млн теңге бола тұра, «ҚАЗ КЛОУД» менеджменті премия ретінде 336 млн теңге алған», — деді Е. Саиров Үкімет пен Бас прокуратураға жолдаған сауалында.

Сонымен қатар депутат «Қазақтелеком» басқармасының мүшелері жалпы 422 млн теңге сыйақы алғанын жеткізді. Бұл ретте, әрбір мүшесіне105 млн теңгеден келеді.

«Біздің қарапайым халқымыз ұнның қымбаттауынан бір үзім нанға жарымай жүргенде, бұл неткен асқандық?! «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылары, еншілес кәсіпорындарының басшылары бонус, сыйақы жазып алуға ғана қызмет ете ме?» деген заңды сұрақ бар. AMANAT Фракциясы «Самұрық-Қазына» қоры атына заты сәйкес келуі керек деп есептейді», — деді Е. Саиров.

Осы орайда ол «Самұрық-Қазынаның» өз менеджментіне «асыра сілтеп» сыйақы жазу саясатының заңға сәйкестігін анықтауды сұрады.

«Атап айтқанда, «Самұрық-Қазынада» қаптаған еншілес кәсіпорындардың қаншалықты қажет екенін анықтау маңызды. Қордың қаржы саясатының ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктер жасау қажет», — деді депутат.


Tags

В стране

»

Зеленский обсудил гарантии безопасности Украины на встрече в США


»

В Приморье локализовали природный пожар на площади 8 тыс. га


»

Посол России сообщил о призывах на Кипре восстановить диалог с Москвой


»

ISU тестирует внедрение искусственного интеллекта в судейство фигурного катания


»

За год костромские онкологи провели почти 200 телемедицинских консультаций


»

Батюшки принесли справки от работодателя для начисления пенсий


»

В Венгрии впервые увековечили имена более 300 советских воинов


»

Иран ударил по крупнейшему в Израиле НПЗ Bazan в Хайфе


»

Ценовое цунами: ЕС страдает от стратегической глупости европейских русофобов


»

Старые запасы еще послужат: как проверить семена на всхожесть перед посевной


»

Песков: чрезвычайная дестабилизация наблюдается во всем Ближневосточном регионе из-за ситуации в Иране


»

Путин выразил соболезнования верховному лидеру Ирана в связи с гибелью секретаря Совбеза Лариджани


»

РФПИ: Вывод войск США взвинтит цены на нефть выше $200


»

МАГАТЭ подтвердило разрушение строения у иранской АЭС «Бушер»


»

Politico: Трамп сближается в Москвой, чтобы подорвать российско-китайский альянс



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]