политика, экономика, компромат

    | 

Редакция

 | 



Туристер Қазақстанда қанша ақша жұмсайды


14.10.2025 12:39

Канада мен Австралиядан келген туристер Қазақстанға сапар кезінде шамамен 1 млн теңге жұмсайды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстаннан шығатын туристер арасында (24,3 мың адам) сауалнама жүргізіп, олардың ел ішіндегі жалпы шығындарының 4,6 млрд теңгеден асқанын анықтады. Бұл бір турист орта есеппен 191,6 мың теңге жұмсағанын білдіреді.

Негізгі шығындардың ішінде халықаралық көлікке – 2,3 млрд теңге, тамақтануға – 760,6 млн теңге, сауда мен сувенирлерге – 578,8 млн теңге, тұруға – 554,5 млн теңге, ел ішіндегі көлік (такси, көлік жалдау, қоғамдық транспорт) қызметтеріне – 197,4 млн теңге, мәдени қызметтерге – 82,6 млн теңге, емдік және сауықтыру шараларына – 67,1 млн теңге, спорттық іс-шараларға – 32,8 млн теңге жұмсалған.

Туристер Қазақстанда орта есеппен төрт түн аялдаған. Ең ұзақ сапар Қарағанды (10 түн), Павлодар (7 түн), Қызылорда облысы мен Алматыда (6 түннен) тіркелген.

Орналасу жағынан шетелдіктердің басым бөлігі туыстары мен таныстарының үйінде тоқтаған (11,6 мың адам). Сонымен қатар 6,1 мың адам қонақүйлерде, 5,1 мың адам жалдамалы пәтерлерде, 319 адам демалыс үйлерінде, 170 адам туристік базаларда, 169 адам санаторийлерде тұрған.

Қазақстанға ең көп турист Ресейден келген – 11,7 мың адам. Олардың жалпы шығыны 1,6 млрд теңге, яғни бір ресейлікке орта есеппен 141,9 мың теңге шығын келген. Бұдан өзге, Өзбекстаннан – 3,8 мың адам (112,4 мың теңге), Қырғызстаннан – 3,4 мың (114,8 мың теңге), Түркиядан – 640 (401,7 мың теңге), Қытайдан – 539 (460,1 мың теңге) турист келген.

Сауд Арабиясынан келген туристер бір сапарға орта есеппен 491 мың теңге, Германиядан – 511,2 мың теңге, Польшадан – 134,4 мың теңге, Тайландтан – 515,6 мың теңге, Қатардан – 562,4 мың теңге жұмсаған.

Ал ең көп қаржы қалдырғандар – АҚШ азаматтары (108 адам) – 758,7 мың теңге, Австралия (25 адам) – 976,4 мың теңге және Канада (39 адам) – 978,8 мың теңге.

Бұған дейін, LS редакциясы жыл басынан бері Қазақстандағы қонақүйлер, коттедждер мен шале типіндегі нысандар 622,9 мыңнан астам шетелдік қонақты қабылдағанын жазған болатын. Сондай-ақ, елде медициналық туризмді дамыту әлеуеті жоғары. Қазақстанға емделу мақсатында БАӘ, Қытай, Ресей, АҚШ және Нидерланды азаматтары жиі келеді.

*Сауалнама 2025 жылдың қаңтар және шілде айларында әуежайларда, теміржол және автобус вокзалдарында, сондай-ақ, автокөлік өткізу бекеттерінде жүргізілген.


Tags

В стране

»

В Тюмени разгорелся скандал из-за открытия общественной бани «Банщики»


»

Иран закупил новое вооружение в период перемирия с США


»

Неонатолог Авраменко: водопроводная вода безопасна для купания младенцев


»

Известного регбийного судью нашли мертвым в запертой квартире в Москве


»

Трамп готовится к выборам: республиканцы проведут съезд в Далласе


»

В Кировской области увеличат зарплаты педагогам: как вырастут оклады


»

Пожар в заповеднике Утриш на Кубани тушат второй день


»

Мониторинг цен на топливо в Барнауле: актуальные данные на 26 августа


»

HR-эксперт сказала, почему работники все чаще соглашаются на «серую» зарплату


»

People: Кантри-певица Долли Партон умерла после борьбы с раком


»

Россиянам рассказали, какие подарки учителю будут считаться взяткой


»

Экс-министр обороны Украины признал постепенное поражение Киева


»

Советник президента сравнил потенциалы ОПК России и НАТО


»

Ксения Собчак раскрыла свой вес после похудения в Instagram


»

Соседов обвинил SHAMAN в порче хита Киркорова «Единственная моя»



"kaspi-info.com" Copyright © 2012-2026

Редакция - [email protected]