Алматы облысында алимент бойынша борышкерлер 426 миллион теңгеден астам ақшаны құмар ойындарға жұмсаған
25.02.2024 17:06
Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері құмар ойындарға 426 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған 157 алимент бойынша борышкерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz. |
Бұл туралы 24 ақпанда қадағалау органының сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды.
"Борышкерлер өз балаларына құлықсыз немесе немқұрайлы қарап, алимент төлеу жөніндегі міндеттерін елемей, букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған. Мәселен, бір ғана борышкердің баласына алимент бойынша берешегі 1 миллион теңгеден сәл асса, шотына 24 млн теңгеден асатын сома толтырған", — делінген хабарламада.